Алматы облысында сотталған әйелдер бірлік күнін атап өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/4 (әйелдер колониясы) мекемесінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қолдан жасалған бұйымдардан сайыс және мерекелік концерт өтті.

Концертті жүргізушілер Қазақстан халқының Ассамблея сының құрылуынан қысқаша шолу жасап,  ашты. Достық қарым қатынаста көрермендер мен мекеме әкімшілігінің уәкілдеріне қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, шешен мен сыған халықтарының ұлттық билерінен үзінді көрсетті.

Мекеменің театрландырылған топтарының қойылымдары көрермендерді бей-жәй қалдырмады. Көп ұлтты құрбылар атты әзіл сықақ қойылымы көрсетілді. Концерттің соңында әділ қазылар алқасы әрбір жасақтың қолдан жасалған бұйымдарына әділ бағаларын берді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...