12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында құрылыс материалдарын жасап  шығаратын  зауыттар салынады

Алматы облысында құрылыс материалдарын өндіретін 5 жаңа кәсіпорын ашылады. Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев «ТК «Газоблок» компаниясы мен «Алмпласт» ЖШС басшыларымен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде елімізде құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп:

— Бүгінгі таңда құрылыс секторы ел экономикасының негізгі драйвері болып табылады. Соның ішінде біздің облыста құрылыста жаңа серпін байқалады. Құрылыс материалдарын шығаруға инвестициялық белсенділік артып отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға өзіндік  ықпалын  тигізеді. Бүгін Іле ауданы мен Талдықорған қаласында жаңа зауыттар салуды жоспарлап отырған екі инвестормен арнайы кездесіп отырмыз, — деп атап өтті Қ.Бозымбаев.

Меморандум аясында құрылыс саласындағы 5 жаңа жоба қолға алынбақ. Мәселен, «ТК «Газоблок» компаниясы Іле ауданында үш зауыт, Талдықорғанда бір зауыт салуға ниетті. Бұл кәсіпорындар газоблоктар, цемент панельдердің талшықтарын, шыны мақталарын шығаратын болады. Жобалар жеті жылға жоспарланған. Шамамен 26 млрд. теңге инвестиция тартылып, 240 жұмыс орны ашылады.

— Біз шығаратын құрылыс материалдары негізінен сырт елдерден әкелінеді. Қысқаша айтқанда, импортқа тәуелді. Сондықтан біз ішкі нарықтың сұранысын отандық өнімдермен толықтыруды мақсат етіп отырмыз, — деді «ТК «Газоблок» компаниясының бас директоры Максим Ким жоба жайлы қысқаша баяндап.

Ал «Алмпласт» ЖШС «Талдықорған» индустриалды аймағында диаметрі 20-1200 мм пластик құбырлар шығаратын өндіріс орнын ашады. Жоба 2022-2023 жылдары іске асырылады. Тартылатын инвестиция көлемі – 2,6 млрд. теңге, 37 жұмыс орны құрылады. Жобаның жылдық қуаты — 16,8 мың тонна.

Бұл жобалар құрылыс индустриясының дамуына жаңа серпін беріп, ел нарығына отандық құрылыс материалдарын көптеп шығаруға үлес қоспақ.

Меморандумға Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев, «ТК «Газоблок» компаниясының бас директоры Максим Ким мен «Алмпласт» ЖШС директоры Сабырхан Қасымов қол қойды.

Өз тілшіміз.

Алматы облысы.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...