spot_img
spot_img

Алматы облысында пара алған мемлекеттік мекеме басшысы сотталды

Алматы облысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

«Талдықорған қалалық сотының үкімі бойынша, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен «АСПМК-519″ ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды», — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметі бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

«ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...