Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылады.

Пилоттың бірінші кезеңінде қосымша сабақтар Талғар ауданына қарасты 10 мектеп пен 3 колледжде енгізіледі. Жобаның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, заңды құрметтеуге үйрету, сонымен қатар зорлық-зомбылық, буллинг және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Сабақтарды арнайы дайындықтан өткен, прокуратура және полицияда қызмет еткен тәлімгерлер жүргізеді. Тәлімгерлерді оқыту 7–8 тамыз күндері басталады.

«Біз құқықтық сананың негізін мектеп қабырғасынан бастап қалаймыз. Тәлімгерлер балаларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп қана қоймай, заңды құрметтеуге, жауапкершілікті сезінуге және сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл – болашақта орнықты құқықтық мәдениетті қалыптастырудың кілті», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Пилоттық мектептер мен колледждерде оқу жылында 7–10 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін барлығы 36 сабақ өткізу жоспарланған. Сабақтар екі аптада бір рет өтіп тұрады, алдын ала және қорытынды диагностика және оқушылардың мінез-құлқына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Әдістемелік материалдарды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ұлттық ғылыми-практикалық институты Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп әзірлеген. Алдағы уақытта жоба еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасын табады деп жоспарлануда.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...