Алматы облысында мұғалімдер мәжбүрлі түрде өтуді талап етілген ақылы курстарға шағымданды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының бірнеше мұғалімі ағылшын тілінен мәжбүрлі түрде өтуге талап етілген ақылы курстаға шағымданды. Желіде аталған мәлімет туралы аудиожазба таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аудиода әйел мұғалімдерден тіркеліп, оқу болатын жерге қолма-қол ақша төлеуді сұрайды. Сонымен қатар, ол тізім бойынша әрқайсысын тексеретінін ескертеді.

Ол сондай-ақ ақылы оқуға 215 оқытушыдан 124 оқытушы тіркелгенін хабарлайды.

«Банк карталары мен басқа төлем жоқ, ақшаны өзіңізбен бірге алып келіңіздер. Қатыспағандар маған директорларының қолы қойылған түсініктеме алып келсін», – дейді әйел.

Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға жедел жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, ауданның оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланды.

«1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өткізілді. Біз ақылы курстар мен семинарларды өткізуге қатаң тыйым саламыз. Ауданның оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаға тартылып, ескерту алды», — деп хабарлады ведомстводан.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен Ахмет Байтұрсынұлы...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...