Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналыста берген тапсырмаларына орай коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті тарапынан төмендетілген тарифтер 2020 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымға дейін қолданылмақ.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновтің айтуынша, төмендетілген таифтер мынадай мекемелерде енгізілді:
«Жетісу су құбыры» МКК:
— суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Талдықорған қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін, 61,36 теңгеден 56,45 теңгеге және сарқынды суды бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 65,29 теңгеден 60,08 теңгеге дейін немесе 8%-ға тариф төмендетілді;
«Талдықорғанжылусервис» МКК:
— жылумен жабдықтау қызметіне Талдықорған қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 2 826,82 теңгеден 2 544,14 теңгеге дейін және ыстық сумен жабдықтау қызметіне 1м3 үшін 183,29 теңгеден 164,97 теңге дейін немесе 10%-ға тариф төмендетілді;
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ:
— Алматы облысының Алматы қаласы маңындағы аудандарының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 24,39 теңгеден 24,11 теңгеге дейін немесе 1,14%-ға төмендетілді.
«Панфилов су құбыры» МКК:
— сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 68,36 теңгеден 61,53 теңгеге дейін немесе 10%-ға тариф төмендетілді;
«Ұйғыр су құбыры» МКК:
— сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 59,23 теңгеден 53,31 теңгеге дейін немесе 10%-ға тариф төмендетілді;
— су бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 17,36 теңгеден 15,57 теңгеге дейін немесе 10%-ға тариф төмендетілді.
«Теміржолсу Алматы» ЖШС:
— жылумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 3 503,09 теңгеден 3 398,0 теңгеге дейін немесе 3%-ға тариф төмендетілді;
— сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 55,15 теңгеден 53,49 теңгеге дейін немесе 3%-ға тариф төмендетілді;
— су бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 16,78 теңгеден 16,27 теңгеге дейін немесе 3%-ға тариф төмендетілді.
«Қапшағайжылу» МКК:
— жылумен жабдықтау қызметіне Қапшағай қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 3 079,85 теңгеден 2 833,47 теңгеге дейін немесе 8%-ға тариф төмендетілді;
«Жылу жүйелері» ЖШС:
— жылумен жабдықтау қызметіне Өтеген батыр ауылының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1м2 үшін, 1 070,05 теңгеден 979,09 теңгеге дейін немесе 8,5%-ға тариф төмендетілді;
— Чапаев ауылының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1м2 үшін, 1 084,00 теңгеден 1 010,27 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға тариф төмендетілді;
«Тауекел-Н-Алғабас» ЖШС:
— газбен жабдықтау қызметіне Қарасай ауданының ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 29,37 теңгеден 28,79 теңгеге дейін немесе 1,34%-ға және Талғар ауданының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 28,41 теңгеден 27,93 теңгеге дейін немесе 1,69%-ға төмендетілді.
«Тауекел-газ құбыры» ЖШС:
— газбен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін, 25,07 теңгеден 24,82 теңгеге дейін немесе 1%-ға төмендетілді.
«Жетісу газ құбыры» ЖШС:
— газбен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін, 29,24 теңгеден 28,99 теңгеге дейін немесе 0,85%-ға төмендетілді.
1 сәуірден бастап уақытша өтемдік тариф аяқталатын субъектілер «Сарқан су қыбыры» (67,99 теңге 1м3 суға және 28,16 теңге 1м3 сарқынды суға) және «Текелі су құбыры» МКК (43,37 теңге 1м3 суға және 30,54 теңге 1м3 сарқынды суға), «халық» тұтынушылар топ тарифі бойынша, үш айға (30 маусымға) дейін Департаментпен белгіленген уақытша өтемдік тарифпен жұмыс атқарады.
Сонымен қатар, бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы басқарма тарапынан ұсыныс хат жолданды.