Алматы облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекеменің қызметкерлері, өткізілген іс-шара барысында, тыйым салынған заттардың аумаққа кіру фактісін алдын алды.

Мекеменің аумағына қара түсті пакет лақтырмақ болған ер азамат ұсталды. Пакетте, үш дана скотчпен оралған түйіншектер алынған. Түйіншектер ішінен төрт дана ұялы телефон, екі дана қуаттандыру жүйесі және құлақкап тәркіленді.

«Аталған факт бойынша Қонаев қаласының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-амалдары басталды»,- деп атап өтті, ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...