Алматы облысында әкім отставкаға кетті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті. Ақпаратты әкімнің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметінен кеткені хабарланды.

«Қуанышбек Қалиұлы 2021 жылы 12 ақпанда өткен кеңесте қызметтен өз еркімен кететінін мәлімдеді, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі», — деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

Қуанышбек Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданы әкімі қызметін 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап атқарды.

«Қазір әкімнің міндетін оның орынбасарлары атқарады», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...