12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында газға қосылу құны реттеледі

Алматы облысында табиғи газға қосылу құны реттеледі. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен брифинг кезінде «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің тілшісіне берген жауабында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Алматы облысында газдандыру тек бюджет қаражатына ғана емес, жекелеген аудандарда инвестиция тарту арқылы да жүргізіліп келеді. Бірақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығы мен мамандарының бақылауының осалдығынан кейбір компаниялар газға қосу құнын көтеріп жіберген. Осы баға мәселесіне қатысты бізге халықтан көп шағым түседі. Бірінші кезекте «ЖетісуОблГаз» мекемесіне жаңа басшы тағайындадым.

Тәжірибесі бар маман. Қазір ол барлық аудандарды аралап, жағдаймен таныса бастады. Біз газға қосудың өзіндік құнын есептейміз. Сосын әкімдік тарапынан бағаға қатысты тиісті ұсыным беретін боламыз. Әйтпесе газға қосудың құны 500-700 мың тг дейін баратын жағдайларды да естіп жүрміз. Алдағы екі айда бұл жұмысты реттейміз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағынан да барлық норамалар мен талаптарды сақталуы керек», — деді Қанат Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ведущий китайский автопроизводитель Changan Auto подписал соглашение с компанией Flying Auto

В Алматы состоялось торжественное подписание соглашения о дистрибьюторском сотрудничестве...

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...