Алматы облысында дәрігерлер 825 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында салмағы небәрі 825 грамм, жүктіліктің 29-аптасында дүниеге келген шарананың өмірі үшін үлкен күрес жүрді.

Анасының жағдайы ауыр болып, ауыр преэклампсия диагнозымен дәрігерлер оны шұғыл түрде отаға алған. Нәтижесінде сәби мерзімінен бұрын, алтыншы жүктіліктен дүниеге келді. Сәбиді бірден неонатологтар мен реаниматологтар қабылдап, қажетті реанимациялық көмек көрсетті.

Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап сәби үшін әрбір тыныс, әрбір грамм салмақ – үлкен жетістік болды. Өйткені мұндай шала туған нәрестелер ерекше күтімді қажет етеді. Дәрігерлер мен мейірбикелер тобы 47 күн бойы нәрестенің өмірі үшін тәулік бойы еңбек етті, әрбір өзгерісті мұқият бақылап отырды.

Мамандардың жоғары кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің арқасында сәби біртіндеп салмақ қоса бастады. Бүгінде оның салмағы 1300 граммға жетіп, жағдайы тұрақталған соң бала Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығына ауыстырылды.

АККА балалар реанимациясының меңгерушісі Салтанат Альмухамбетова:

«Мұндай шала туған нәрестелердің дүниеге келуі – бүкіл команда үшін үлкен сынақ. Әрбір күн – тынысы, салмағы, өмірі үшін күрес. Ал 825 грамм болып туған сәби өздігінен тыныстап, салмақ қоса бастағанда – бұл дәрігер үшін ең үлкен қуаныш. Мұндай сәбилер – нағыз кішкентай батырлар».

Сәбидің анасы:

«Балаңыздың салмағы бір келіге де жетпейді дегенде, үмітім үзілген еді. Бірақ дәрігерлер бір сәт те мойыған жоқ. Күн сайын жақсы хабар күттім, Алладан тілеп отырдым. Қазір ұлыма қарасам – бұл нағыз ғажайып. Бұл – дәрігерлердің мейірімі мен кәсібилігінің арқасында болған керемет».

Бұл оқиға – сенім мен мейірімнің, білім мен жанқиярлық еңбектің нәтижесінде болатын шын ғажайыптың дәлелі. Аурухананың әр бөлмесінде жаңа өмірдің иісі, үміттің нұры бар. Ал ең бастысы – өмір бәрінен де мықты.

Әміртаев съезде Қазақстандағы саясаткер-флюгерлер деп кімдерді меңзеді?

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев партияның кезектен...

Политики-флюгеры в Казахстане о ком говорил Амиртаев на Съезде?

Лидер партии «Байтақ» заявил, что XXI век требует зеленой...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтауы

Мемлекеттік қызметші – халық пен мемлекеттің арасындағы байланысты қамтамасыз...

Кассациялық соттардың құрылғанына – 1 жыл

2025 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттар...

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...