12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталды. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

612 шаршы метрді құрайтын ФАП 900 тұрғынға – Еңбек ауылы мен іргелес Алатау қаласы аумақтарының халқына қызмет көрсетуге арналған. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және күзетші жұмыс істейді. Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, науқастарды қабылдауға және медициналық персоналдың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.

Жаңа ФАП Еңбек ауылы мен Алатау қаласына жақын аумақтардағы тұрғындардың сапалы және уақытылы бастапқы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, осындай жобаларды жүзеге асыру ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін нығайтады.

«Біз мемлекетке қайтарылған активтердің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталуда. Еңбек ауылындағы жаңа ФАП – қайтарылған ресурстардың халық игілігіне жұмсалып, жергілікті жерде өмір сүру сапасын жақсартудың айқын мысалы», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Нысанның құрылысы Алматы облысы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіліп, мердігер мекеме ретінде «АСК АуылҚұрылысы» ЖШС жұмыс атқарды.

Өңірде мұндай бастамалар ауыл инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болатыны атап өтілуде.

Алматинская молодежь поддержала проект новой Конституции

Молодежь Алматы высказалась в поддержку проекта новой Конституции В комьюнити-центре...

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция...

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

Қазақ халқының рухани қазынасында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

“EGOVKZBOT” TELEGRAM-БОТЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

«EgovKZBot» Telegram-боты – азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты...

Мұқағали Мақатаев және ана тілі: 95 жылдың мұра

Биыл қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың...