12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысына қарасты 3000 ауылдық отбасыға көмек беріледі

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Алматы облысының Іле ауданында тұрып жатқан көпбалалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға гуманитарлық көмек көрсету қолға алынды. Осы орайда, бетон, плитка, пластмасса бұйымдарын өндіретін «Арказ Инвест» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі осы бастамаға қолдау білдіріп, 3000 қорап азық-түлікті аудан орталығы Энергетик округінен бастап Байсерке, Жетіген, Қараой, Ащыбұлақ, Междуреченск, КазЦИК, Чапай, Күрті, Боралдай округтеріндегі әр атаулы отбасыларға таратуды бастады. Бүгінгі күні Боралдай кенті, Ащыбұлақ, КазЦик, Междуреченск ауылдарының отбасыларына үлестірілді. Алдағы уақытта қалған аумақтарды қамту ниет бар. Осы азық түлікті халықтың әлеуметтік әлсіз тобына тарату жұмыстарына аудандық жастар ресурстық орталығы мен тоғыз округтің еріктілері атсалысты.
Елордамыз Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарларына жарияланған карантинмен қатар коронавирустан секем алған барша жұртқа демеу болатындардың бірі жергілікті атқарушы билік десек, артық айтқандық емес. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, күш ел басқарып отырған азаматтарға түсетіні бесенеден белгілі.


Ел басына күн туған сәтте Үкімет адамдарының бір жағына болысып, кәсіпкер азаматтарымыз да шет қалмай, қол ұшын беріп, қамқорлық танытқанына аудан тұрғындары дән риза болып, алғыстарын жаудыруда. Өйткені, Алматы қаласына карантин жарияланған сәтте аз қамтылған отбасылардың көбісі азық-түлік алуға шамалары келмегені айдан анық. Әлеуметтік көмек алушылардың бірі, Ащыбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Гульмира Жақыпова: «Менің отбасымда жолдасыммен бірге үш балам және қайын атам, бауырларым тұрады. Бір шаңырақта жеті адамбыз. Мына қысылтаяң уақытта сіздердің тараптарыңыздан берілген азық-түлік жанұяма үлкен көмек. Қаржы тапшылығынан уақытында ұн-майымызды ала алмай, абдырап қалып едік. Енді міне, осы азықпен бала-шағама кем дегенде бір апта ыстық тамақ әзірлейтінім анық. Осындай күн туған сәтте көңіл бөліп, қалымызды сұрап, ескеріп жатқан аудан басшыларына шынайы алғысымды айтамын», — деп ағынан жарылды. Осы округтен әлеуметтік жағдайы төмен Е. Мысекеевтер мен Т. Ермековалардың отбасыларына да өздеріне тиесілі көмек еріктілер қолымен табысталды.


Осы акция аясында аудандық мәдениет қызметкерлерінің бастауымен 500 дана көпқолданбалы бетперде тігіліп, азық-түлікпен бірге отбасыларға таратылып, коронавирустан қалай қорғану керектігі жайлы, тазалықты қатаң сақтап, үйде болуларын, қоғамдық орындарға уақытша жоламау керектігі нақты қадап ескертіліп, үгіт-насихат жүргізілді.


Бетпердемен және азық-түлікпен қамтылғандар қатарында КазЦИК ауылдық округінің тұрғыны Динара Кенжебаева да бар. Динараның жолдасы денсаулығына байланысты ауыр жұмысқа жарамайды екен. Өздерінің ортақ екі баласы бар. Өзі де жұмыссыз. Үкімет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмектің қаржысымен күн көруде. Динара Кенжебаева: «Мына карантин біздің отбасымызға үлкен кесірін тигізіп отырғанын жасыра алмаймын. Расында да көмекке мұқтажбыз. Сіздердің берген көмектеріңізге және осыны ұйымдастырып отырған аудан басышысына, кәсіпкер азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Еліміз тыныш, ел басқарған азаматтар аман болсын дегім келеді», — деді.


Алдағы уақытта да аудан көлеміндегі халықтың әлеуметтік әлсіз тобына акцияның жалғасы ретінде аудандық әкімшілік тарапынан және жергілікті кәсіпкерлерден де берілетін гуманитарлық көмектер жалғасын табатын болады. Мәселен, аздаған уақытта осы көмектен бөлек қосымша 3000 гигиеналық және жеке қолоданысқа арналған заттарды үлестіру жоспары бар. Бірлігіміз қоғамды алаңдатып отырған індеттің алдын алуға және біржола аластатуына нақты кепіл бола алады деп сенеміз.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...