Алматы облысы трансплантология саласында жүйелі нәтижелерге қол жеткізуде

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантация саласын дамытуда алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі болып отыр. 2025 жылы Қазақстан бойынша органдарды трансплантациялау саны 2,4 есеге артып, 23-тен 68 операцияға дейін жетсе, донорлар саны үш есеге өсіп, 6-дан 18 адамға артты.

Жалпы республика көлемінде жүргізіліп жатқан кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар арасында қайтыс болғаннан кейін донор болуға дайын азаматтар саны жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, eGov.kz порталында тіркелген өтініштер саны 38%-ға көбейген. Оның ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергендердің үлесі 70%-ды құраса, донорлықтан бас тарту көрсеткіші 26%-ға артқан.

Қазіргі таңда еліміз бойынша ағза трансплантациясын күтіп отырған 4 506 науқас тіркелген, оның 123-і — балалар. Алматы облысы бойынша күту парақшасында 279 науқас бар. Олардың ішінде 215 адам бүйрекке, 30 адам бауырға, 34 адам жүрекке мұқтаж. Сонымен қатар, облыс бойынша ағзаға мұқтаж балалар саны — 6.

2025 жылы Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында екі донорлық процесс сәтті жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылдан кейін алғаш рет облыста мөлдір қабықты алу (кератопластика) процесі қайта іске қосылды.

2026 жылдың 16 қаңтарында Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасында 1979 жылы дүниеге келген ықтимал донор анықталып, барлық заңды және медициналық талаптарға сәйкес тиісті тексеру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде ми өлімі диагнозы расталып, донорлық процесс орталықтың үйлестіруімен сәтті ұйымдастырылды. Осы донордан екі бүйрек, жүрек, өкпе, бауыр және екі мөлдір қабық алынып, олар трансплантациялау мақсатында тиісті орталықтарға жеткізілді.

Алматы облысы трансплантология саласының үйлестіруші маманы Тоеке А.Т. донорлықтың маңыздылығына тоқталды:

«Ағза донорлығы — бұл бір адамның шешімі арқылы бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жоғары гуманистік қадам. Бүгінде Алматы облысында донорлық процестер заң талаптарына толық сәйкес, ашық әрі этикалық нормаларды сақтай отырып жүргізілуде. Ең бастысы — қоғамда донорлыққа деген сенім артып келеді. Бұл ондаған адамның өміріне үміт сыйлап отыр», — деді ол.

Алматы облысы алдағы уақытта да ағза донорлығын дамыту, халықтың хабардарлығын арттыру және трансплантация саласындағы тиімді тәжірибені кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...