Алматы облысы мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын талқылау өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №49 мекеме жеке құрамының Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің қызметкері Бекболат Абеновпен және «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілімен кездесуі ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы бойынша баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы шынайы өмірден алынған бейнежазбалар көрсетілді.

Бүгінгі күнде сыбайлас жемқорлық өзекті мәселелердің басында тұр. Бұл шараны ұйымдастырудың мақсаты — сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын-алу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...