Алматы облысы мекемесінде «Көркем сөз» байқауы өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №14 мекемесінде орналасқан Заречный ауылының кәсіптік колледжінде, Қазақ халқының кемеңгер ұлы, ұлт ұстазы, ақын, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері — Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған “Көркем ой, көркем тіл, көркем сөз” тақырыбында сотталғандар арасында байқау өтті.

Байқау барысында сотталған-студенттер Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы бейнефильмді көріп, келесі кезеңде ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқудан сайысқа түсті, сонымен қатар сұрақтарға-жауап беріп, өздерінің біліктіліктерін көрсетті.

Мұндай байқаулардың колледж қабырғасында жиі өткізілуі жоспарлануда.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...