«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы базасында Алматы облысы бойынша ҚАЖД дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Мақсаты — Алматы облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде шағын және орта бизнес ашу үшін кәсіпкерлерді тарту болды.
Дөңгелек стол басына Алматы облысы прокуратурасының өкілі, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері, ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің маманы және қызметкерлері қатысты.
Жиынды бастамастан бұрын жиналған шағын және орта бизнес өкілдеріне мекемелерде шығарылатын ұйымдар көрсетілді.
Бос тұрған үй-жайларға, жалға алу жағдайларына және сотталған адамдар үшін жұмыс орындарын ұлғайтуға қатысты мәселелер қаралды.
Алматы облысы бойынша сотталған мекемелердің еңбек ұйымдары бөлімдерінің қызметкерлері мекеме аумағында бос тұрған үй-жайлар туралы слайдтар мен толық ақпарат берді.
Келесі іс-шара ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отыр, онда дөңгелек үстелге қатысушылар Алматы облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне барады.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.