12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысы бойынша 97 волонтерлік ұйым мен 8300 волонтер ресми тіркелген

Қайырымдылық, қол ұшын созу – кез келгенді құдайы қонақ деп қабылдайтын, асарлатып текемет басып, үй тұрғызатын қазақтың қанына сіңген қасиеттер. Бұл бүгінде заманның көшіне еріп, талабына сай түрленіп, волонтерлік деген атауға ие болғандай. Ал волонтер сөзі әлемде алғаш рет 1600 жылы қолданылыпты. Соғыс кезінде майданға өз еркімен сұранып барғандарды солай атаған көрінеді. Кейін келе барлық салаға өз бетімен, ешбір қайтарым күтпей жұмыс істеуді қалайтындарға осы теңеу таңылды.

1970 жылы БҰҰ жанынан «Біріккен Ұлттар Ұйымының волонтерлері» деген атаумен (The United Nations Volunteers – UNV) халықаралық ұйым құрылды. Ол бүкіл әлемдегі ерік­тілердің басын қосып, олардың қызметін жан-жақты дамытуды көздеді. Сол жылдан бас­тап әлемнің барлық елінде 5 жел­тоқ­сан Халықаралық волонтерлер күні ретінде аталып өтеді. Ал біз де Волонтерлік қызмет туралы заң 2016 жылы қабылданған.

Бүгінде елімізде 200 волонтерлік ұйымдар ірі қалалар мен ауылдарда белсенді жұмыс істеп жатыр. Сарапшылардың сөзіне сенсек, Қазақстанда әлеуметтік, іс-шара кезіндегі және жануарлармен жұмыс істейтін, сондай-ақ ұлттық бағыттағы волонтерлік қызмет жақсы дамыған әрі қалыптасқан. Ал қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 97 волонтерлік ұйым мен 8300 волонтер ресми тіркелген. Бүгінгі күні облыстағы 90-нан астам еріктілер ұйымы қарт адамдарға, әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ аз қамтылған мұқтаж отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен көмір таратып, көмек көрсетуде. Мәселен, Алматы облысында «Мейірімді Жетісу» еріктілер фронт-кеңсесінің волонтерлері қаңтар айында төтенше жағдайға байланысты өз жұмысын қарқынды жүргізе бастаған. Содан бері жалпы, 473 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға, ардагерлер мен жалғызбасты қарттарға гуманитарлық көмек көрсетілген.

Сонымен қатар «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің ұйымдастыруымен таңнан кешке дейін облыс орталығының көшелерін тазартушы коммуналды қызметкерлерге арналған «Кел, шәй ішейік» атты қайырымдылық акциясы өткен. Іс-шара барысында ыстық шәй және бәліштер таратылған. Акцияның мақсаты – Талдықорған қаласының көркін келтіріп, жол жиектерін, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, игі іс жасап жүрген жандарға жылулық сыйлау болған.

Шындығында, волонтер болу – кез келген жомарт жүректі жанның қолынан келетін іс. Алайда оған да белгілі бір біліктілік, өмірлік тәжірибе қажет. Мәселен, волонтерлік қызметпен айналысқысы келетін адам оған қатысты заңды, бірқатар пайдалы ақпараттарды ойға тоқып алғаны абзал. Дегенмен волонтерлік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке өздігінен-ақ қадам басар еді.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...