Алматы облысы мемлекет тарапынан ұйымдастырылып жатқан Президент бастамаларының ешқайсысынан тыс қалған емес. Соның айғағы елімізде жарияланған Төтенше жағдай кезінде де облыс аумағында атқарылып жатқан шаралар осындай қысылтаяң шақтың талабына сай болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6)тармағымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгіленген режимді бұзу немесе талаптарды орындамауына байланысты, осы уақыт ішінде екі әкімшілік іс қаралды.
Сотқа мәлім болғандай, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган мен белгіленген карантин режимін бұзған, атап айтқанда, дүкенге келушілердің қолдарын залалсыздандыратын құрал қойылмағаны, дүкенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмегені, дүкенші жұмыс кезінде бетперде тақпағаны анықталған.
Сот қаулысымен құқық бұзушыларға 26510 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Қуаныш Ермекова