Алматы оқушылары мен студенттері үшін карантин шектеулері қалай өзгерді?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, онда жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерінің бір бөлігіне офлайн оқуға рұқсат берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін ерікті негізде кезең-кезеңмен аралас оқытуға рұқсат беріледі, яғни 70 пайыз офлайн, 30 пайыз онлайн режимде», — делінген қаулыда.

Сондай-ақ Бекшин бірінші курс студенттеріне күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде тағу режимін, тұрғындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, колледж жатақханаларында бөлмелерді 30 пайызға дейін және ЖОО жатақханаларында 50 пайызға дейін толтыруға рұқсат берді.

Бірқатар жаңашылдық мектептерге де қатысты.

«Жалпы білім беретін мектептердің 1-ден 5-ке дейінгі (халықаралық мектептерде — 7), 9 және 11(12) сынып оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін тамақтандыруды отыратын орындардың 30 пайызынан аспайтын жағдайда ұйымдастыру», — делінген қаулыда.

Үшінші тоқсаннан бастап оқушыларды сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуға рұқсат берілді.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректері бойынша, Алматы облысында оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында COVID-19 320 баладан тіркелген, оның ішінде 20 бала кезекші сыныптарда, 300-і қашықтан оқып жүрген.

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...

AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

«Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң жобасы...

Вред алкоголя: что происходит с организмом на самом деле

Алкоголь давно стал частью культуры, праздников и отдыха. Многие...

Алкогольдің зияны: ағзада шын мәнінде не болады?

ЖАННА НҰРБЕРГЕН Астана медицина университеті академик Е.Д.Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми...

Учимся грамотно зимовать

​​​​​​​РЕЗКО-КОНТИНЕНТАЛЬНЫЙ КЛИМАТ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА ЧАСТО ПРЕПОДНОСИТ НЕПРЕДСКАЗУЕМЫЕ «СЮРПРИЗЫ»: ОБИЛЬНЫЕ...