12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы маңында 400 миллиард теңгеге курорт салынбақ

Алматы маңында 400 миллиард теңгеге тау шаңғысы курортын салу жоспарланды. Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіқазақ ауданында Түрген ауылы маңында құрылыс жұмыстары жоспарланғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Алматы облысы әкімдігі тау шаңғысы курортын салу үшін инвесторлар іздестіріп жатыр. Оның құны 400 миллиард теңгеге бағаланды.

«Қазір құны 262,5 мың доллар болатын Түрген инженерлік инфрақұрылымын салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр», — деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Алматы облысы әкімдігі курорт құрылысын 2022 жылы басталып, 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

«Қазір жобаны жүзеге асыру бойынша инвесторлар іздестіріліп жатыр», — деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, жоба елді мекен атауына ұқсас «Түрген» деп аталады.

Бұған дейін Желіде Алматы маңындағы Бутаков шатқалында «тау шаңғысы курорты құрылысы» туралы ақпарат пайда болған. Экология және геология министрлігі қауесетті жоққа шығарды.

Кейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Бутаковка маңында ешқандай құрылыс салынбайтынын айтты.

Курултай, экология и инвестиции в туризм: в Усть-Каменогорске обсудили проект Новой Конституции с представителями отрасли

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д....

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет...

Земля, предсказуемые правила и умное сельское хозяйство: в ВКО обсудили, что даст бизнесу Новая Конституция

В Усть-Каменогорске, на площадке Центрального Дома культуры, состоялась встреча...

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУДЫҢ РУХАНИ БЕЛЕСІ

Наурыз – адамзат өркениетінің терең тамырынан нәр алған, табиғат...

Жалпыұлттық коалиция өкілдері астаналық дәрігерлерге Конституциялық реформа жобасын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық...