Алматы колониясында жиһаз жасау цехы ашылды

Сотталғандарды жұмыспен қамту ешқашан күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Түзеу мекемелерінің аумағында шағын өндіріс орындарын ашу осы мәселенің түйінін шешуге айтарлықтай ықпал етуде.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №11 мекемесінің шаруашылық аумағында «Azeris» жиһаз цехының ашылу салтанатты іс-шарасы өтті.

Бұл іс-шараға ҚАЖ Департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері, Атамекен кәсіпкерлер палатасының Бизнесті қорғау және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бөлімінің басшысы және мекеме басшылығы қатысты.

«Azeris» жеке кәсіпкерлігі жиһаз жасауға арналған өндіріс орны, мекемеде жазасын өтеп жатқан 8 жасөспірімді ақылы жұмыспен қамтамасыз етті.

Жазалы жасөспірімдер аталған цехта зор ынтамен жұмыс істеуде. Бір жағынан қазір сұранысқа ие жиһаз мамандығын игерсе, екінші жағынан табыс тауып, сотпен белгіленген шығындарын өтеуге және туғандарына қаржылай көмектесуде.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...