Алматы БҰҰ алаңында нашақорлықтың алдын алу бойынша табысты тәжірибесін таныстырды

Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) қолдауымен халықаралық ауқымды іс-шара өтті. Аталмыш жиында нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтынуды азайту және жаңа психоактивті заттардың таралуына қарсы күресудің заманауи әдістерін талқылау барысында «Наркостоп» жобасының координаторы Нұржан Жакупов Алматы қаласының табысты тәжірибесін таныстырды.

Өз сөзінде ол нашақорлықтың алдын алудың тиімділігін арттыру үшін кешенді тәсіл қолдану қажет екенін атап өтіп, Алматыда жастар арасында нашақорлықты алдын алу жолында жасалып жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады.

Алматыда «Наркостоп» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан маңызды жобаларлың бірі. Тек 2024 жылы жобаның жұмысына 3 000-нан астам ерікті қатысып, 480 алдын алу іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, есірткіні насихаттайтын 110 000-нан астам трафарет пен граффити боялып, жойылды.

— «Наркостоп» – Алматыдағы нашақорлықтың алдын алудағы маңызды жобалардың бірі. Соңғы екі жыл ішінде оның аясында елімізде 8 мамандандырылған орталық табысты жұмыс істеп келеді. Жобаның басты мақсаты – жастарға есірткінің зияны туралы ақпарат жеткізу және оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Біз есірткінің таралуы мен оның жарнамасын болдырмау үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы бастамаларды күшейтіп, қоғаммен бірлесе күресуді жалғастырамыз», – деп атап өтті «Наркостоп» жобасының координаторы Нұржан Жакупов.

БҰҰ сарапшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері Алматы қаласының тәжірибесіне жоғары бағасын берді. Кездесу барысында «Наркостоп» жобасының үздік тәжірибелерін басқа елдерде қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша нашақорлықтың алдын алу бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсынымдар әзірленіп, жастар арасында есірткі тұтынуды азайтуға бағытталған тиімді әдістер алмасу мәселелері қарастырылды.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...