”Almaty aqshamy” газеті “Қазақстандағы Жыл таңдауы” мәртебелі марапатына ие болды

“Almaty aqshamy” ұжымы жыл бойы атқарған еселі еңбегін бүгін ерекше марапатпен, үлкен абыроймен түйіндеп отыр. “Қазақстандағы Жыл таңдауы” (№1 Choice of the уear in Kazakhstan) ұлттық жобасының “Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет” номинациясын жеңіп алды.

Бұл сыйлық аясында жыл ішінде көрсеткен жетістігі, сапасы мен ел ішіндегі беделі ең жоғары деп танылған брендтер, компаниялар және жобалар “Қазақстандағы №1” атағын алады. Сондықтан мерейімізді көтеріп тастаған осынау мәртебелі марапаттың бағасы біз үшін құнды.

“Жобаның ұйымдастырушыларына, бізді бағалаған баршаға ағайынға алғыс білдіреміз. Газетіміздің “Мың жасаған шаһардың шамшырағы” деп аталуы тегін емес. Өйткені “Almaty aqshamy” отандық журналистикада, жалпы қазақ руханиятында өзіндік орны, өз тарихы бар басылым. Бұл газетте қазақтың қаншама марқасқалары, танымал тұлғалар еңбек етіп, өзінің қолтаңбасын қалдырды! Қазір біз заман көшінен қалмау үшін үлкен трансформациялар жасап жатырмыз. Жаңа бет-бейнеміз қалыптасты. Еліміздегі ең таңдаулы байқаудың айтулы жүлдесінің бізге бұйыруы – алдағы уақытта да әріптестерге үлкен шабыт сыйлайды деп сенемін. Жалпы, бұл жеңіс біздің “Alatau aqparat” медиахолдингінің береке-бірлігінің жетістігі, оның ішінде “Almaty aqshamy” ұжымының ынтымағы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін”, – деді салтанатты рәсімде “Alatau aqparat” медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Айта кетсек, “Alatau aqparat” медиахолдингі құрамындағы
“Almaty aqshamy” газетінің жарық көріп келе жатқанына – 37 жыл. Бізді алматылықтар ғана емес, республика тұрғындары және шетелдіктер де оқиды. Сондай-ақ “Air Astana” әуе компаниясының борттарынан, “Тальго” пойызының барлық бағытынан, сондай-ақ қалалағы танымал қонақ үй, ресторан, кофеханалардан табыламыз.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...