Бүгін Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінде «Ашық есік күні» өткізілді. Бұл күні аталған мекемедегі шаруашылық қызметі жасағындағы сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді.
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ашық есік күні» жазалылар аналары мен әпкелерін, қарындастары мен апаларын өз қолдарымен жасаған ашықхаттармен қарсы алып, оларға үлкен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жыл басында елімізде жарияланған Төтенше жағдайға және короновирус індетіне байланысты бас бостандығынан айыру орындарындағы жазалылар көптен бері жақындарымен бетпе-бет кездескен жоқ болатын. Бүгінгі «Ашық есік күні» ЛА-155/18 мекемесіндегі барыс жылғы алғашқы кездесу.
Аталған мекемеде қазір 45 шаруашылық қызметіндегі сотталған жазаларын өтеуде. Шаруашылық қызмет көрсету жасағына ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабына сәйкес жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін, үкім бойынша жазасы бес жылға дейінгі, қылмысы орта дәрежедегі, денсаулығы еңбекке жарамды сотталғандар іріктеледі.
«Ашық есік күніне» келген 32 адам тек темір торда отырған туыстарымен жүздесіп қана қойған жоқ, олардың жататын және демалатын орындарын аралап және бір дастархан басында ас ішіп, мәре-сәре болды.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі