12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша шаралар қабылдануда

«Айналым» қарыздары аясында «Магнум» және «Тоймарт» сауда желілеріне, «Алсад» жұмыртқа өндіру зауытына, «Асыл Ет» сиыр етін өндірушілерге жеңілдікті қарыздар берілді, олардың сөрелерінде ӘМАТ-тың 19 атауына 36,5 мың тонна көлемінде баға белгілеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Тоймарт» сауда желісімен қарыз шартын ұзарту пысықталуда.

Бұдан бөлек, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін «форвардтық» сатып алу шеңберінде «Магнум» сауда желісінде 22 мың тонна көкөніс сату жүргізілуде. «Тоймарт» желісінде ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін 380 тонна картоп, сондай-ақ 300 тонна пияз белгіленген бағамен сатылады.

Қаланың 7 негізгі базарында («Көк базар», «Жаңа Ақбұлақ» көтерме сауда кешені, «Сары-Арқа», «Тастақ», «Таусамалы», «Алматы-1», «Түрксіб» жәрмеңкесі) «әлеуметтік дүкендер» жұмыс істейді, онда ӘМАТ-тың 10 атауы (картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, күріш, мүйіз, ұн) төмендетілген бағамен сатылады, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады.

Көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша 7 базарда («Жұлдыз», «Орбита», «Таусамалы», «Арыстан», «Тастақ», «Барыс-4», «Түрксіб жәрмеңкесі») «ет дүкендері» іске қосылды. Бүгінгі таңда халық тарапынан ет өнімдеріне сұраныстың артуы байқалады, соның есебінен ет дүкендерінде сиыр етін сату күніне 1 тоннадан 4 тоннаға дейін өсті.

Қаланың сауда нүктелеріне төмен бағамен сөрелерге тікелей жеткізу үшін ӘМАТ өндірушілерімен 19 меморандум жасалды.

«Үй жанындағы» дүкендер сөрелерінде өнім тапшылығын болдырмау, сондай-ақ бағаны тежеу мақсатында бакалея өнімдерін (күріш, күнбағыс майы, 1-сұрыпты ұн, қарақұмық жармасы, қант) өндірушілерден тікелей төмен бағамен жеткізу ұйымдастырылған.

Апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) «демалыс күні» азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Оған Алматы облысының жақын аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.

«Алматы қаласы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен» бірлесіп ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% сақталуын бақылау бойынша жұмыс жолға қойылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп «Алтын Орда» көтерме сауда базарында тәртіп орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы нарықта бірқатар делдалдық «схемаларды» алып тастау нәтижесінде көкөніс, ет өнімдері мен жемістер бағасының төмендеуі күтілуде.

«Алтын Орда» көтерме сауда базарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ұқсас, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша «азық-түлік тауарларының баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия» құрылды, ол бағаны негізсіз көтеру фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдай отырып, сауда объектілерінде баға белгілеуге тексеру жүргізетін болады.

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ерекше бақылауда.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...