12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы қаласы ҚАЖД бастығы өз қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс айтты

Алғыс айту күні бүгінде еліміздегі мерейлі мерекенің біріне айналды. Көктемнің алғашқы күнімен бірге тойланатын мерекені Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы да атап өтті.
Мерекеге қылмыстық-атқару саласының ардагерлері мен қызметкерлердің ата-аналары да қатысып, жүрек жарды тілектерін білдірді.
Салтанатты іс-шараға жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтаған ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Д.Қанатбеков 2016 жылы Елбасының жарлығымен бекітілген мерекенің маңызына тоқталды.
«Егеменді еліміздің тарихындағы айрықша күндердің бірі – Алғыс айту күні ерекше мейрам. Кеңестік кезеңде қазақ жеріне күштеп қоныстандырылған түрлі үлт өкілдерін жатсынбай, төрінен орын берген, олардың қиын кезеңнен қайыспай өтулеріне жағдай тудырған қазақ халқына деген басқа ұлттардың зор құрметін айғақтау мақсатында қабылданған мерекенің бүгінде ауқымы кең. Бұл күн қазір бір мақсатта өмір сүретін барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін арттыратын күнге айналды. Сіздерді осы айрықша күнмен құттықтай отырып, еліміздің жарқын болашағы үшін сіңірген еңбектеріңізге алғыс айтамын»-деді полиция полковнигі Д.Қанатбеков.
Айтулы мерекеге ҚАЖД қызметкерлері Оңалбай Жомарт пен Рүстем Сарсенәлінің, Дидар Дарубайдың ата-аналары келіп, қошаметке бөленді. Сондай-ақ Алғыс айту күніне департамент қызметкерлері Марат Тұрсынханұлы Жұмаханов пен Бақытгүл Мейрамбайдың ЛА-155/1 мекемесінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ата-аналары мен бақылаушы болып қызмет атқаратын аға сержант Әділбек Қашқаровтың да ата-аналары қатысты.

Мерекеге келген ата-аналарға Департамент бастығы Д.Қанатбеков тәрбиелі ұл-қыз өсіріп, еңбекте өнегелі болғандары үшін Алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...