АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНДА ПОЛИЦИЯ, БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


o Аралас форматта (offline/online) өткен конференцияны М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Ж.Ділбарханова ашты.
o «Бүгін біз полиция мен қоғамның өзара іс-қимылын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біздің міндетіміз — азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуге деген сенімін арттыру және коммуникацияның тиімді тетіктерін құру»-деді ол өз сөзінде.
o Сондай-ақ конференцияға онлайн қатысқан ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің бастығы Ш.Алекешев, ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары О.Мырзабеков БАҚ өкілдерінің полиция қызметін халыққа жеткізудегі, олардың ерлік істерін насихаттаудағы үлесі жайлы тілге тиек етті.
o Конференция жұмысына республикалық телеарналардың, баспа және интернет-басылымдардың журналистері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері офлайн түрде қатысса, Полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары онлайн түрде қатысты.
o Аталған іс-шара барысында журналистер тұрақты бірлескен іс-шаралар өткізу бойынша өз идеяларын ортаға салып, полиция қызметкерлерін өздерінің жұмыс істеу әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар бүгінгі өзекті мәселелерге және оларды шешу жолдарына назар аударылды

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...