12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма пайда болады

Алматы мәслихатының депутаттары қала әкімдігінде екі жаңа басқарма құру туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы мәслихатының кезектен тыс 14-сессиясында екі жаңа басқарма құру ұсынылды: сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы және қоғамдық кеңістіктер басқармасы.

Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың айтуынша, сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басты міндеті — сейсмикалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі тәуекелдерін басқару, тұрғындарды ТЖ кезінде негізгі дағдыларға оқытуды қамтамасыз ету, ТЖ кезінде ПД және ТЖД жұмыстарын үйлестіру.

Қоғамдық кеңістіктер басқармасы қоғамдық кеңістіктерді дамытудың жалпы қағидаттары мен әдістерін қамтамасыз етуге, басқармалар мен қала әкімдігінің жұмысын үйлестіруге бағытталған. Сондай-ақ, бұл басқару қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын дайындауға, қала үшін маңызды қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға жауапты болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.