Алматы әкімдігі жол жиегінде үйілген қарға қатысты пікір білдірді

Алматыда қалың қар жауды. Қала қалай тазартылды? Massaget.kz тілшісі материалында. 

Әкімдік мәліметінше, жол жиектерінде қар үйінділерін жинау арқылы қар тазартылады.

«Үйінділерді қалыптастыру ірі габаритті техникамен (автогрейдерлер, фронтальды тиегіштер) жүргізілетіндігіне байланысты оларды орындау тәуліктің түнгі уақытында жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты таңертең жолдардың жүріс бөлігінде қар үйінділерінің болуы жұмыс жүргізу кезінде технологиялық қажеттілік», — делінген жауапта.

Бір тәулікте он күннің нормасы, қала көшелерінен 6,5 мың текше метр қар шығарылды.

15-16 желтоқсанда Алматыда қар көп жауды, бұл — желтоқсандағы жауын-шашынның орташа айлық мөлшерінің үштен бірі. Қалада 22 сантиметр қар жауды, Каменск үстіртінде — 40 сантиметр, Шымбұлақта — 42 сантиметр.

Қардың салдарын жоюға тәулік бойы 600-ден аса арнайы техника мен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қар жауып бастағаннан бері қала көшелерінен 6 520 м3 қар шығарылды.

Айта кетейік, жол жиегіндегі жиналған қарды шығару келесі жұмыс ауысымы ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай, шекара бөлігін алып тастағаннан кейін оны тазарту, мұзды ұсақтау және қар-мұз түзілімдерін жою жүзеге асырылады.

«​Қарды уақытылы шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында автокөлік жүргізушілерінен автокөлікті жол жиектеріне, әсіресе түнгі уақытта қоймауын сұраймыз», — делінген хабарламада. 

Бір тәулікте жауған қардың мөлшері онкүндік норманы құрағанына байланысты, қаланың негізгі магистраль көшелерінен қар шығару түнде аяқталады.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...