Алматы қаласының мемлекеттік органдарында жұмыс уақытын сақтау мәселелері туралы

Жұмыс уақыты режимін сақтау мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың маңызды элементі болып табылады және жүктелген функциялардың тиімді орындалуына тікелей әсер етеді. Белгіленген жұмыс кестесін сақтау, жұмыс уақытының дұрыстап есепке алынуы және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындарында болуы мемлекеттік қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді

Алматы қаласының мемлекеттік органдарында жұмыс уақыты режимінің сақталуы тұрақты бақылауда болады. Ішкі мониторинг кадр қызметтері мен құрылымдық бөлімше басшылары тарапынан табель жүргізу, электрондық тіркеу жүйелерінің деректерін талдау, сондай-ақ еңбек тәртібі бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Аталған шаралар ауытқуларды уақытылы анықтап, қажетті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жұмыс уақыты режиміне қатысты еңбек заңнамасының талаптарының орындалуына жүйелі мониторинг жүргізеді. Мониторинг шеңберінде нақты жұмыс уақытының есепке алынуының дұрыстығы, артық жұмыс сағаттарының негізділігі, белгіленген кестенің сақталуы бағаланады және қызметкерлердің бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылданады. Мониторингтің негізгі мақсаты — тәртіпті нығайту, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыру.

2025 жылдың IV тоқсанының қорытындылары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік органдарында 35-тен астам мемлекеттік қызметшінің еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Артық жұмыс уақытының орнын толтыру мақсатында оларға заңнамада көзделген демалыс сағаттары берілді, олардың жалпы көлемі шамамен 260 сағатты құрады. Бұл нәтижелер мемлекеттік органдардың еңбек стандарттарының сақталуына және әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін көрсетеді.

Жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша ішкі бақылауды, сыртқы бағалауды және профилактикалық жұмысты қамтитын іс-шаралар кешені Алматы қаласының мемлекеттік органдарындағы тәртіпті нығайтуға, тиімді еңбек ортасын қалыптастыруға және олардың қызметінің нәтижелілігін арттыруға ықпал етеді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс мемлекеттік басқарудың сапалы жүзеге асырылуының және әрбір мемлекеттік қызметшінің өз міндеттерін адал орындауының негізгі қағидаты болып саналады.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Әуезов Н.С.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...