Алматы қаласының халқы 2,3 миллионнан асты

Алматының ресми тіркелген халқы бүгінде 2 миллион 300 мыңнан асып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Қаланың демографиялық өсіміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі – туу көрсеткіші. Биылдың алғашқы бес айында табиғи өсім, яғни туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма, шамамен 8 мың адам болған.

«Қазір босану саны бойынша белгілі бір тұрақтылық байқалса да, перинаталдық орталықта туу көрсеткішінің артқанын көріп отырмыз. 2024 жылдан бастап туу көрсеткіші жақсы деңгейде. Былтыр 9300 бала дүниеге келген. Бұл перинаталдық орталықтағы ем сапасын арттыру және жаңа технологияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі», – деді қалалық перинаталдық орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Салтанат Ерболатова.

Алайда Алматы тек туу есебінен ғана өсіп жатқан жоқ. Қаланың жұмыс, білім және өзге де мүмкіндіктері де халықты тартатын негізгі себептердің бірі. 2025 жылғы қаңтар–мамырда қалаға 15 мыңнан аса адам көшіп келген. Олардың 1235-і шетелден, ал қалған 14 мыңы – Қазақстанның басқа өңірлерінен.

Мүмкіндік пе, мәселе ме?

Сарапшылардың айтуынша, халық санының өсуі – бір жағынан үлкен мүмкіндік болса, екінші жағынан қалаға қосымша жүктеме түсіреді. Егер барлығы тек ірі қалаларға ұмтылатын болса, бұл инфрақұрылымға қысым түсіреді. Сондықтан аймақтарды дамыту, өңірлерде ұстап тұратын және ынталандыратын факторларды күшейту аса маңызды.

«Ауылдар мен шағын қалаларда халықты ұстап тұратын факторлар қажет. Өкінішке қарай, қазір ондай факторлар жоқтың қасы. Бұрын қала құраушы кәсіпорындар халықты сол жерде ұстайтын. Әйтпесе Алматы мен өзге ірі қалалар мұнша жүктемені көтере алмайды», – деді әлеуметтанушы Айжан Шабденова.

Мектептер, үйлер және қала маңы жобалары

Алматының демографиялық өсімі жаңа мектептер мен балабақшалар, жолайрықтар мен медицина инфрақұрылымын жоспарлауға тікелей әсер етеді. Биыл мегаполисте 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде он мектебі жыл аяғына дейін ашылады.

Мыңдаған оқушы өз үйінің жанында оқуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қазір қала маңы аймақтарын дамыту жобалары да іске асырылып жатыр. Бұл – Алматының мүмкіндіктер қаласы болып қала беруіне жасалып жатқан тағы бір қадам.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...