АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы отырыс Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ғимаратында ұйымдастырылды. Кеңес барысында мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер қаралды.

Отырыс барысында мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметінде жүргізілген профилактикалық іс-шаралары талқылаудан өтті. Кеңес мүшелері осы саладағы ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Полиция департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасының нәтижелері тыңдалды. Халықпен тиімді кері байланыс орнату мен әкімшілік кедергілерді жою мәселелері кеңес мүшелерінің ерекше назарында болды.

2025 жылдың I жартыжылдығындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері де күн тәртібінде қаралды. Департаментінің жауапты мамандары мемлекеттік органдардың халыққа көрсеткен қызмет сапасына жүргізілген талдауды ұсынды. Талдау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, қызмет көрсету процестерін оңтайландыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Бұдан бөлек, Кеңесте мемлекеттік органның басшысына қатысты тәртіптік ісі қаралды. Кеңс мүшелері барлық мән-жайларды зерделеп, тиісті шешім қабылдады.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын уақытылы беру және «е-қызмет» жүйесіндегі деректерді толық толтыру бойынша берілген ұсынымдар мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Бұл отырыс мемлекеттік қызметтің халыққа бағытталған қызмет үлгісін нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды. Кеңес жұмысы қоғам игілігі үшін жүйелі және нәтижелі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Нұржан Болатбекұлы Узбеханов

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің

Алматы қаласы бойынша

Департаменті басшысының м.а.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...