Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Алматы қаласында жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында маңызды кездесу өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен және жастарға арналған жобаларды үйлестіріп жүрген мамандармен жұмыс бабындағы кездесуде бас қосты.

Кездесу барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың мазмұны, орындалу барысы және нәтижелілік көрсеткіштері жан-жақты талқыланды. Басқарма басшысы жастармен жұмыс істеудің, олардың әлеуетін дамыту мен қолдаудың аса өзекті екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде:

«Жастарға бағытталған әрбір жобаның артында нақты нәтиже, қоғамға пайдалы өзгеріс тұруы керек. Біздің міндетіміз – осы бастамалардың шынайы жүзеге асуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті.

Ашық диалог форматында өткен жиын барысында жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы, құжаттамалық есептілік пен көрсеткіштердің дәл орындалуы жайлы нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ, әрбір ҮЕҰ-ның қала жастарының қажеттіліктеріне қаншалықты жауап беріп отырғаны да назарға алынды.

Кездесудің қорытындысында тараптар бірлескен жұмыс аясын кеңейту, тиімді кері байланыс орнату және жобалардың сапасын арттыру бағытында келісімге келді. Мұндай кездесулер жастармен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тәжірибе алмасуға, өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Жастар саясаты басқармасы алдағы уақытта да ашықтық, тиімділік және серіктестік принциптерін басшылыққа ала отырып, қаланың жастарын қолдауға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асыруды жалғастырмақ.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...