Жетісу ауданының демалыс орталықтары Көлсайға саяхат жасады

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Жетісу ауданының демалыс орталықтары Көлсайға саяхат жасады

2025 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Жетісу ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Саяхатқа барлығы 50 бала мен олардың жетекшілері қатысты. Балалар табиғат аясында серуендеп, Көлсай өңірінің көркем табиғатымен, тау мен орман арасындағы ерекше экожүйемен танысты. Сонымен қатар ұйымдастырушылар тарапынан балаларға түскі ас пен жеңіл тағамдар беріліп, қауіпсіз әрі қызықты демалыс ұйымдастырылды.

Мұндай шаралар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, сергек өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Балалар сапардан жақсы көңіл-күймен оралып, ұмытылмас әсер алды.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...