Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігідепартаментінің араласуынан кейін көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары қалпына келтірілді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Жоспардан тыс тексерулер барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соққан заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілетін қызметті алушы құжатты уақытылы ала алмаған, бұл Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының әрекетсіздігі салдарынан орын алған. Департаменттің араласуынан кейін бұзушылық жойылып, жүргізуші куәлігі көрсетілетін қызметті алушыға берілді.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі бойынша 3 заңды тұлғаға қатысты қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік қызметтер толық көлемде көрсетілді.

Сондай-ақ Департаментпен «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушыға негізсіз бас тарту берілгені анықталды. Нәтижесінде бас тарту заңсыз деп танылып, мемлекеттік қызмет белгіленген тәртіппен көрсетілді.

Департаменттің атап өтуінше, қабылданып жатқан шаралар заңдылық, ашықтық және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі қағидаттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Аринова Назым Қайратқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы

Мемлекеттік қызмет — мәртебелі міндет

Мемлекетік қызметші – мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген...

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...