Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Сауранбаев Болат Оспанович мемлекетік қызметшілермен кездесті

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Сауранбаев Болат Оспанович «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізді.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілі Узбеханов Нұржанмен, қарттар күніне орай, мемлекетік қызметтің даумына үлес қосқан мемлекет қызмет ардагері Сауранбаев Болат Оспановичты мотивациялық дәріс оқуға шақырды.   

Кезедсу Алматы қаласы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылып, оған Департаменттің қызметкерлері және Алматы қаласында басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кезедсу барысында, Болат Оспановичпен Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімі лауазымындағы қызметі туралы, одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің жеке қасиеттері туралы сөз қозғады.

Мемлекеттік қызметте орын алып жатқан өзгерістер бойынша өзінің жағымды ойын білдірді.  

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігін білдірді.

Сонымен қатар, Департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілі Узбеханов Нұржанмен:

  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.

          Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан Болат Оспановичке бірқатар сұрақтар қойылды, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер берілді.

          Кездесу соныңда Болат Оспановичпен жас мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет жолында болуға қатысты нұсқаулар айтылды, ал, қатысушылар тарапынан оған мотивациялық дәріс оқығаны үшін көптеген алғыстар білдірілді.

          Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Узбеханов Нұржан

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...