Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жанбыршы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Алмас Жанбыршы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры болған.

2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2021-2022 жылдары «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры атанған.

2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.