Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр

Алматыға трамвайларды қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Трамвайлар қай бағытта жүретіні де айтылды.

«Трамвай «Барлықтан» бастап Төле би көшесі бойымен жүреді. Бұрынғы жолында. Оны әуежайға дейін созамыз, осылайша батыс пен шығысты байланыстырамыз. Біздің мақсатымыз — адамдардың 20 минут ішінде жүріп-тұруына мүмкіндік жасау. Бұл — әлемдік тәжірибе және ақылға қонымды шешім», — деді ол.

Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

«EPC+F (жобалау, құрылыс және қаржыландыру) болса, бес жыл ішінде трамвайды іске қоса аламыз. Құрылыс неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым қымбат болады, сондықтан инвесторларды тарту үнемдеуге мүмкіндік береді», — деді ол.

Айта кетейік, Алматыда трамвайлар 2015 жылы бірқатар апаттан кейін жүрмей қалды. 

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.