Алмат Әбдікешов Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы болды

Алмат Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алмат Жанболатұлы Әбдікешов ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» АҚ «Анненск» кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

2007-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2016-2018 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Адам ресурстарымен жұмыс департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы наурыздан бастап қазірге дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары болған.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...