Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот үкімі шықты

Сот танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін оның ісі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен еді.

Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде жеке тұлғаларды қорлау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сотпен К.-ның осындай әрекеттерді мас күйде жасағаны анықталды. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ деп түсіндірді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды», — делінген сот хабарламасында.

Соттың қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді деген ақпарат пайда болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл «әкесінің кәмелетке толмаған ұлыма тиісті деген арызы бойынша» орындалған.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.