Алматыда Алмалы комьюнити-орталығының базасында “Комплаенс ғаламы: Қаржы әлемінің суперқаһармандары” атты кәсіби meet-up өтті. Іс-шараға FinTech индустриясының өкілдері, қаржы және құқық саласының мамандары, ішкі бақылау және комплаенс сарапшылары, сондай-ақ тәуелсіз консультанттар мен тәуекелдер жөніндегі мамандар қатысты.
Митап цифрлық трансформация жағдайындағы комплаенс саласындағы негізгі тәуекелдер мен өзекті үрдістерді талқылауға арналған жаңа форматтағы диалог алаңына айналды. Іс-шараның басты мақсаты — іскерлік ортада ашықтық, этика және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін нығайту.

Күн тәртібінде келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
- комплаенс дегеніміз не және оның заманауи бизнестегі рөлі;
- алаяқтыққа қарсы құралдар (антифрод);
- санкциялық тәуекелдерді басқару;
- жеке деректерді қорғаудың заманауи талаптары;
- криптовалюта және цифрлық активтер саласындағы комплаенс;
- контрагенттерді кешенді тексеру (КПК);
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер.
Спикерлер бизнес пен реттеуші органдар арасындағы өзара іс-қимыл, ішкі бақылау мәдениетін дамыту және стартаптар мен инновациялық компаниялардың қызметіне комплаенс құралдарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары:
- Women in Tech Kazakhstan — технологиялар мен инновациялар саласындағы әйелдердің қатысуын қолдайтын халықаралық қауымдастық;
- Compliance Hub — комплаенс саласындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға арналған алаң.
Митап ашық диалог форматында өтіп, адалдық, жауапкершілік және цифрлық сауаттылық қағидаттарына негізделген орнықты кәсіби ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.