Алмалы ауданында жастар мен полиция бірлесіп түнгі рейд өткізді

Алмалы ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген белсенді жастар аудандық Полиция департаментімен бірлесіп, түнгі рейд ұйымдастырды. Бұл іс-шара кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруін бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.

Рейд барысында жастар мен полиция қызметкерлері түнгі сағат 23:00-ден кейін жұмыс істейтін ойын клубтары мен ойын-сауық орындарын тексерді. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың рұқсатсыз келу фактілері мен қоғамдық тәртіптің сақталуы басты назарда болды. Тексеру кезінде бірқатар ереже бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

Мұндай бірлескен бастамалар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, жастардың тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Шараға қатысқан белсенді жастардың бірі — Құлатаев Марлен өз пікірін білдірді:
«Мұндай іс-шараға қатысу — мен үшін үлкен тәжірибе болды. Біз тек бақылаушы емес, қоғамымыздың қауіпсіздігіне жауапты азаматтар екенімізді сезіндік. Бұл тек тәртіпке шақыру емес, болашағымызды ойлауға жол ашатын қадам», – дейді ол.

Ұйымдастырушылар мұндай рейдтердің алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жастар өз қатарластарына үлгі болып, қоғамда заңға бағынудың маңызын түсіндіруді мақсат етеді.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...