Алмалы ауданындағы комьюнити орталықта Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» өтті

Алмалы ауданындағы комьюнити орталықта қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Абай оқулары» мәдени кеші өтті. Бұл шараға ауданның белсенді жастары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, Абай шығармашылығына деген сүйіспеншілігін, терең түсінігін көрсетті.

Іс-шара аясында қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, оның рухани мұрасын заманауи тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Әрбір жас талант сахнада жүректен шыққан сезіммен сөз маржанын төкті. Шара барысында Абайдың өмір жолы мен еңбектері туралы бейнероликтер көрсетіліп, әдеби викториналар ұйымдастырылды.

Мәдени кеш соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың көркем оқу шеберлігін, сахна мәдениетін және Абай шығармашылығына деген көзқарасын жоғары бағалады.

Қатысқан студенттердің бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 2-курс студенті Аружан Маратқызы өзінің әсерімен бөлісті: «Абай шығармаларын оқу – тек әдебиет сабағы емес, бұл – өмір мектебі. Осындай шараларға қатысу арқылы мен Абайдың терең ойларын жүрекпен сезінуге мүмкіндік алдым», – дейді ол.

Абай мұрасын дәріптеуге арналған бұл кеш жастардың рухани байлығын арттырып, ұлттың болашағы – жастардың бойына тағылым мен тәрбиені сіңіруге бағытталған тағылымды шара болды.

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим акимата Наурызбайского района города Алматы даны разъяснения...

«ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында өткен «Түркі әлемінің...

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...