Алла маған өлім берсе, жанымды қинамай бір сәтте алса деп тілеймін — Тәуекел Мүсілім

Тәуекел Мүсілім бүгінде отбасылы. Серілікті қойып шаңырақ көтерген актер отбасының құндылығы, ананың қадірі, әкенің рөлі туралы көп айтады. Бағыңды бағаласа, жарыңның қадірін біл дейді ол. Ал адамның ең қиын шағы Аллаға қайтар уақыты екенін біледі, деп жазады stan.kz.

«Мен үшін анам үнемі бірінші орында. Анамның маған бергені көп. Ол бөлек әңгіме, үлкен тақырып. Менің жасым қазір 32-де. Кәрімін деп айтпаймын, бірақ жастық шағым өтті. Бұрынғыдай қыдырып, түнгі клубқа барып, көңіл көтеріп жүргім келмейді. Себебі ол уақыт өтіп кетті. Бәрі өз уақытымен болады. Ал, 40-50 жастағы, одан үлкен азаматтар бар. Қасына өз қызымен жасты қыздарды ертіп алып, көңіл көтеріп жүреді. Мен соларға қарап таңғаламын. Оларға сол нәрсе қызық па? Сол уақытын неге бала-шағасына бөлмейді? Неге балаларына хабарласпайды. Бәрі уақытша ғой», — деді ол Тимур Балымбетовпен болған сұхбатында.

Тәуекел адам өлімін өз көзімен көргендіктен, ол сәтті өз басынан өткізгісі келмейді.

«Мен Алладан қорқамын. Адам өлімінен қорқамын. Қашан өлетінімізді білмейміз. Егер Алла маған өлім берсе, жанымды бір сәтте алса екен деп тілеймін. Себебі адамның ауырып, жаны қиналып өлген сәттің ең қиын екенін білемін. Өз көзіммен көргенмін. Ауру да Алладан ғой. Бәрі Алланың қалауымен», — деді актер.

Тәуекел Мүсілімнің айтуынша, доссыз өмір жалғыздықпен тең. Себебі отбасың, бала-шағаңнан бөлек, ер азаматтың ортасы, достары болу керек деп санайды.

«Менің екі топ досым бар. Бір тобы университетте бірге оқыған достарым. Олар менің актер болмай тұрғаннан дос болып келе жатқан жақындарым. Олар маған бәрін айтады. Сын айтады. Мен оны қабылдай алам. Көтере алам. Екіншісі өнердегі достарым. Олар да маған жақын. Бәрін жақсы көрем. Азаматтың досы болмаса, өмірі қайғылы болады деп ойлаймын», — деді актер.

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық...

Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының...

Точка отсчета МЭКС: электросети Карагандинской области ждёт масштабное обновление

Электросетевое хозяйство Карагандинской области десятилетиями обеспечивало регион электроэнергией, несмотря...

Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті

Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы...