12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алимент өндіру маңызды іс

Елімізде ажырасушылардың көбеюімен бірге алимент өндіру ісі де өзекті мәселеге айналды. Осы орайда айта кетсек алимент дегеніміз — «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның басқа оны алуға құқығы бар адамға ұсынуы міндетті ақшалай немесе мaтериалдық асырауы. Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы – баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.

Алименттерді төлеу туралы келісім Кодекстің 157-бабына сәйкес (алименттерді төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі) алиментті төлеуге міндетті адам және оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және/немесе алимент алушы әрекетке қабілетсіз болғанда – осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады. Келісім жазбаша нысанда жасалады және міндетті түрде нотариуста куәландырылады. Егер келісім бойынша алимент төлейтін ері немесе зайыбының материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, онда алименттерді төлеу туралы осы келісімге өзгертулер енгізу немесе бұзу үшін сотқа өтініш беру қажет. Бұл жағдайда алименттер мөлшері келісімде айтылады, бірақ сот тағайындаған алименттер мөлшерінен төмен бола алмайды. Егер келісімге келу мүмкін болмаса немесе тараптардың бірі алименттерді төлеуден бас тартса, онда сотқа өтініш беріп, алименттерді мәжбүрлі төлеткізуге болады. Ол үшін жауапкер-ері немесе зайыбының тіркелу орны бойынша міндетті түрде сотқа талап арызбен жүгіну қажет.

Алименттерді төлету – бұл қандай да бір негіздер бойынша  оларды ерікті төлеуден бас тартатын адамдардан алименттерді мәжбүрлеп алу процесі. Сотқа алименттерді төлету туралы өтінішпен егер алименттерді төлеу туралы келісім бойынша бұрын төленбесе, алименттерге құқықтар туындаған сәттен бастап өткен мерзіміне қарамастан жүгінуге болады. Бұнда алименттер сотқа жүгінген сәттен бастап тағайындалады, ал өткен кезең үшін алдыңғы 3 жылдан артық емес уақытқа егер осы кезеңге дейін асырауға ақша берілмегені анықталса, талап етіле алады.

Шукурова Снежана Дуйсенгалиевна, Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...