12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алимент мәселесінде бала құқығы басты назарға алынады

Балаларын кәмелеттік жасқа жеткенше асырап-бағу – адами тұрғыда да, заң алдында да әрбір ата-ананың басты міндеті. Бұл міндет Ата Заңмен және Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 138, 139-баптарымен нақтыланған. Яғни, бала кәмелеттік жасқа толғанша ата-ана жауапкершіліктен құтылмайды. Дейтұрғанмен, қоғамымызда бауыр еті баласына қамқорлық жасаудан жалтаратындар жоқ емес. Соның салдарынан алимент өндіру мәселесі өзектілігін жоймай тұр. Баланы асырау үшін ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы мүлде маңызды емес.

Заң талабына сай, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуды ата-аналар дербес айқындайды. Егер олардың біреуі жауапкершіліктен ерікті түрде бас тартса, бала күтіміне қажетті қаражат сот тәртібімен өндіріледі. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда ай сайын бір балаға — ата-ана табысының төрттен бірі, екі балаға — үштен бірі, үш және одан да көп балаға — тең жартысы алынады.

Сот тәжірибесінен мысал келтірсек, азаматтық некеде тұрған ерлі-зайыптылар арасында кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Бала анасынан сотқа алимент өндіру туралы шағым түсті. Сот процесі барысында тараптар пікірлері мұқият тыңдалып, іс материалдары зерттелді. Аудандық АХАТ бөлімінің әкелікті анықтау туралы куәлігі негізінде жауапкердің әкелігі танылды. Ол баласына бірнеше жыл материалдық немесе моральдық тұрғыда көмек көрсетпеген. Тараптар арасында алимент төлеу туралы жазбаша келісім жоқ. Талапкер ең бірінші сотқа алимент өндіріп алу туралы арызымен 2015 жылдың 9-шы шілдесінде жүгінген. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 164-бабының 2-бөлігіне сәйкес, алимент сотқа жүгінген кезден бастап тағайындалады. Осы себепті, алимент дәл осы күннен бастап өндірілу керек.

Жауапкер жұмыс істеуге жарамды, алайда, ол тұрақты табыс таппайды. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңның талабына сай, борышкер жұмыс істемесе немесе оның табысы мен басқа кірістерін растайтын құжаттар берілмесе, алимент бойынша берешек қарызды өндіріп алу орташа айлық жалақы мөлшеріне байланысты анықталады.

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 117-бабы 1-тармағының талаптарына орай, жауапкер сот шығындарын төлеуден босатылмаған, осы себепті, мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндіріліп алынады. Сот қандай жағдайда да бірінші кезекте баланың құқығын қорғайды. Ата-ана тарапынан оның барлық жағдайының жасалуын басты назарға алады. Талапкердің алимент өндіру туралы арызы қанағаттандырылды.

Айта кетерлігі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 243-бабы 1-тармағының талабына сай, алимент өндіру туралы сот шешімі дереу орындалуға жатады. Алименттер сот шешімімен немесе тараптардың келісімімен төленеді.

Алимент төлеу туралы келісімнің немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не нотариатта куәландырылған алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі. Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кірістерден қатарынан үш ай бойы өндiрiп алу мүмкiн болмаса, борышкердiң өндiрiп алуға болмайтын мүлкінен басқа мүлкiнен өндiрледі. Борышкердің иелігіндегі мүліктері анықталып, алимент нысаны белгіленеді. Егер балаға дер уақытында алимент төленбесе, оны ол кәмелеттік жасқа толып кеткен кезде де өндіріп ала алады. Сот шешімінің дер кезінде орындалуына кейде ата-аналардың өздері кедергі келтіріп жатады. Сондықтан, балаларының қамын бірінші кезекте ата-ананың өздері ойламайынша айтып отырған мәселе өзектілігін жоймайды.

 

М.Иембердиева,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...