Алғыс айту күнін балалар колониясында аталып өтті

Алматы қаласы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты, №11 мекемесінде кәмлетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында алғыс айту күні аталып өтті.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан балалардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері бар. – Ұлтаралық сыйластық қарым-қатынасты бірлікте ұстау мақсатында пайда болған бұл мерекенің сотталған балаларды тәрбиелеуде өзіндік маңызы зор. Алғыс айту күні еліміздің өткен тарихына көз жүгірте отырып, қиын-қыстау кезеңдердегі қазақ халқының кеңпейілділігі, қонақжайлығы, бірлігі туралы да айтылды. Алғыс айту күніне арнайы концерттік бағдарламамен «Алматы әуендері» ұжымының әртістері келіп, әуелетіп әндетіп жазалы балалардың көңілдерін бір серпілітіп тастады.

Балалар да мерекеге орай жүректен шыққан лебіздері мен өлең шумақтарын ортаға салып өнерлерін көрсетті.

Осы мерекеге ат салысып көмектескен«Алматы әуендері» ұжымының әртістеріне, мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович келген қонақтарға зор алғысын білдірді. Болашақта да осындай ауқымды мерекелер жалғасын табатынын айта кетті.

11 Жеңісхан Еркегүл

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...