Алғыс айту күні атап өтілді

Алғыс айту күні — күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір — біріне құрмет білдіретін, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздің барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн.

▪️Осы орайда, Алғыс айту күні қарсаңында, Сот Әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қызметкерлері игі іс жасап, «Әлеуметтік жәрдем орталығы» арқылы қарияларға қолдау көрсетті. Олар қарт кісілердің аулаларын қардан тазартып, азық түлік жеткізіп, күнделікті тұрмысқа қажетті көмек көрсетті.

▪️Көмек алған зейнеткерлер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі істер қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

🖊️ Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...