12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛҒАШ РЕТ ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖЕДЕЛ ПРОМИЕЛОЦИТТІК ЛЕЙКОЗБЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ТОЛЫҒЫМЕН ЕМДЕЛДІ

Талдықорған облыстық ауруханасының гематология бөлімінде алғаш рет жедел промиелоциттік лейкозбен – жедел миелоидтық лейкоздың ең агрессивті түрлерінің бірімен ауырған науқас сәтті емделді.

Денсаулығы нашарлағаннан кейін науқас алдымен қалалық ауруханаға түсіп, содан кейін тамыз айының соңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде болжамды «жедел промиелоциттік лейкоз» диагнозымен облыстық ауруханаға жолданды. Барлық зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша диагноз расталды. Сүйек кемігінде қатерлі жасушаларды толық басуға бағытталған заманауи химиотерапия схемаларын қолданумен дереу емдеу басталды.

«Науқас түскен кезде қанның ұю көрсеткіштері төмен, анемия, гиперлейкоцитоз байқалды. Сонымен қатар, мұрыннан және қызыл иектен қан кету болды. Жүргізілген химиотерапиядан кейін барлық көрсеткіштер қалпына келді, қазір науқас қан құюға тәуелді емес. Емнің 36-күнінде сүйек кемігінің бақылау пункциясы жүргізіліп, бласттық жасушалардың жоқ екені расталды. Бұл ремиссияның негізгі белгісі болып табылады. Бұл нәтиже науқастың сүйек кемігінде де, қанда да ауру белгілерінің жоқтығын білдіреді», – дейді гематология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Амангельдинов.

Ремиссияға қол жеткізгеннен кейін науқас рецидивтердің алдын алу және қол жеткізілген нәтижені сақтау үшін динамикалық бақылауда болады.

Жедел промиелоциттік лейкоз – сүйек кемігінде аномальды өзгерістер және гендердегі ерекше мутациялардың болуымен сипатталатын жедел миелоидтық лейкоздың бір түрі. Ауру өте жылдам өрбиді және жиі қан кетулерді қоса алғанда, ауыр асқынулармен бірге жүреді, бұл жедел медициналық көмекті талап етеді.

Жедел промиелоциттік лейкозбен ауыратын науқастың толық ремиссияға қол жеткізуі аймақтық аурухана жағдайында мұндай науқастарды болашақта емдеу мүмкіндігін ашады. Бұрын осындай күрделі диагнозы бар науқастар Астана мен Алматыдағы ірі онкоорталықтарға және мамандандырылған клиникаларға жіберілетін еді.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....