Александр Масляков қайтыс болды

Тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы КВН ресми парақшасында жарияланды.

«2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушысы мен миллиондаған көрермен үшін аңыз адам болып қала береді», — делінген хабарламада.

Масляковтың 1964 жылдан бері КВН бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және шетелде «әзіл мен сатира символына» айналғаны атап өтілді.

SHOT Telegram арнасы мәліметінше, Масляков өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болған. Ауруы тым асқынғандықтан, ота жасау мүмкін емес болғаны айтылады. Дәрігерлер сегіз ай бұрын туыстарына емдеудің енді көмектеспейтінін айтқан.

Соңғы алты айда Масляковтың жағдайы өте нашар болғаны, әрең сөйлейтіні, тыныс алуы қиындағаны туралы айтылды.

«Жағдай covid-тен кейін қиындай түсті, ол коронавируспен екі рет ауырған», — делінген хабарламада.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...